Жеңіс туының желбіреуі үшін жан алып, жан беріскен майдангерлердің саны уақыт өткен сайын азаюда. Соғыс кезінде Маңғыстау өңірінен 6 мыңдай азамат майданға аттанса, оның 4800-ге жуығы елге оралған жоқ. Биыл облыста көзі тірі 16 ардагер ғана Ұлы жеңіс күнін қарсы алмақ. Оның он бесі Ақтау қаласынан болса, біреуі Жаңаөзен қаласында тұрады. [caption id="attachment_78824" align="alignnone" width="1024"] Асан Аймағанбетов[/caption] Асан Аймағанбетов – 1925 жылы 1 қаңтар күні дүниеге келген. Кеңес әскерінің қатарына 1943 жылы шақырылды. Маршал Рокоссовскийдің басшылығымен екінші және төртінші Украина майдандарында шайқасты. Сонан соң 1948 жылы Берлинді алғаннан кейін елге жеңіспен оралды. Асан Аймағанбетов "Берлинді алғаны үшін" медалімен, II дәрежелі "Отан соғысы" орденімен, III дәрежелі "Даңқ орденімен" және естелік медальдармен марапатталды. [caption id="attachment_78825" align="alignnone" width="1024"] Сауырбай Базарбаев[/caption] Сауырбай Базарбаев – 1925 жылы 1 қаңтар күні дүниеге келген. 1943-1945 жылдары Беларусь майданында соғысқан, қазір ардагер 94 жаста. Ол I дәрежелі "Отан соғысы» орденімен, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды. [caption id="attachment_78826" align="alignnone" width="1024"] Бисен Боқаев[/caption] Бисен Боқаев – 1923 жылы желтоқсанның 19 күні туған. Әскерге 1942 жылы шақырылды. 1942-1944 жылдар аралығында шекаралық әскери құрамда қызмет атқарған. 1944 жылдың сәуір айынан бастап екінші Украина майданында соғысты, Яссы-Кишинев операциясына қатысып, Бессарабияны, Румынияны азат етуге қатысты. Соғыстан кейін ол шекара әскерлерінде қызмет етті. 1949 жылы ол елге оралды. Ардагердің «Қызыл Ту», ІІ дәрежелі "Отан соғысы» ордені, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі бар. Сондай-ақ «Парасат» орденімен, «Құрмет», Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің дипломымен және «Адал еңбегі үшін», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталды. [caption id="attachment_78827" align="alignnone" width="1024"] Даражат Қожанов[/caption] Даражат Қожанов – 1926 жылы 25 желтоқсанда туған. Әскер қатарына 1943 жылы шақырылған. Соғыс кезінде 498 зениттік артиллериялық полкінде бөлімше командирі қызметін атқарды. Сондай-ақ 1944 жылы Польша жеріндегі соғысқа, ал 1945 жылы Берлинді алуға қатысқан майдангер. Ол «Қызыл Ту» орденімен, «Отан соғысы» орденімен, "Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков" медалімен және "Берлинді алғаны үшін" медалімен, "Ленин" орденімен марапатталды. [caption id="attachment_78828" align="alignnone" width="1024"] Нух Капиз[/caption] Нух Капиз – 1925 жылы 1 қазанда туған. Ол бірінші Украина майданында шайқасты және артиллерия бөлімінің командирі болған. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысында «Германияны жеңгені үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен, «Парасат» орденімен, ІІ дәрежелі "Отан соғысы" орденімен марапатталған. [caption id="attachment_78829" align="alignnone" width="1024"] Василий Лазаренко[/caption] Василий Лазаренко – 1928 жылы 1 шілде күні дүниеге келген. Әскер қатарына 1942 жылы шақырылып, Украина майданында 1074-ші атқыштар полкінің 314-ші мотоатқыштар бөлімшесінде соғысқан. Сонымен қатар Шығыс Еуропаны азат ету үшін соғысқа қатысып, Чехословакияда Жеңіс күнін қарсы алған. І, ІІ дәрежелі "Отан соғысы" ордендерімен, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. [caption id="attachment_78830" align="alignnone" width="1024"] Орақұлы Алуадин[/caption] Алуадин Орақұлы – 1925 жылы 20 наурызда туған. 1943 жылы Белгород, Орел, Курск қалалары үшін қан майданда күресті. «Отан соғысы» және «II дәрежелі Даңқ» орденімен марапатталған. [caption id="attachment_78831" align="alignnone" width="1024"] Салазкин Василий[/caption] Василий Салазкин – 1927 жылы 1 шілде күні дүниеге келді. Кіші сержант қызметін атқарды. Ол бірінші қиыршығыстық фронтында соғысты. ІІІ дәрежелі "Отан соғысы" орденімен марапатталды, 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында «Германияны жеңгені үшін» және «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков» медалдарымен марапатталған. [caption id="attachment_78832" align="alignnone" width="1024"] Сухонос Станислав[/caption] Станислав Сухонос – 1928 жылы 25 сәуір күні туған. Ол 1944 бірінші Қызылжұлдызды Новороссийск дивизиясы құрамында фашисттік су асты қайықтарына қарсы шайқастарға қатысты. Соғыстан кейін суға кеткен кемелерді іздеумен айналысқан. Елге 1952 жылы елге оралды. Соғыстағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталды. [caption id="attachment_78833" align="alignnone" width="1024"] Тлембай Телбайұлы[/caption] Тлембай Телбайұлы – 1923 жылы 1 қаңтарда туған. 1942 жылы әскер қатарына алынып, Сталинград майданында соғысқан ардагер. Мерекелік медальдармен марапатталған. [caption id="attachment_78834" align="alignnone" width="1024"] Қамқа Үмбетәліқызы[/caption] Қамқа Үмбетәліқызы – 1923 жылы 15 қыркүйекте дүниеге келді. Ол бірінші Қиыр Шығыс майданының 9-шы Әуе Армиясында әскери қызметте болған. Авиация бөлімінің әскери қызметкерлері бомбалаушы ұшақтарды жүктеп, бомбалар мен снарядтарды жөндеп, қару-жарақ қоймаларын күзеткен. Қазақтың қайсар қызы ерлігі үшін «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков» медалімен марапатталды. «Жапониядағы жеңіс үшін», басқолбасшы И.В.Сталиннің алғыс хатымен және «Отан соғысы» орден-медальдармен марапатталған. [caption id="attachment_78835" align="alignnone" width="1024"] Қайыр Қыдырбаев[/caption] Қайыр Қыдырбаев – 1922 жылы 1 шілдеде дүниеге келді. Ол 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде екінші Беларусь майданына қатысты. Ерлігі үшін I дәрежелі "Отан соғысы" орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған майдангер. [caption id="attachment_78836" align="alignnone" width="1024"] Кеңесбай Еңсегенов[/caption] Кеңесбай Еңсегенов – 1925 жылы 1 қаңтар күні дүниеге келді. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, Кеңес әскерінің қатарына 1943 жылы шақырылған. Ол төртінші Украина майданына қатысып, содан соң Берлинді алуға қатысқан. 1946 жылы соғыстан оралды. ІІ дәрежелі "Отан соғысы" орденімен, "Ерлігі үшін" медалімен, «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков» медалі және "ІІІ дәрежелі Даңқ" орденімен марапатталған.
***
Ольга Заривняк – 1927 жылы 14 шілде күні дүниеге келді. Ол Ақтауға 2015 жылы Донбастағы әскери әрекеттердің салдарынан Украинаның Днепропетровск облысы Волногорск қаласынан көшіп келген. 2016 жылы наурызда Ақтау қаласына тіркелді. Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерге мемлекеттік жәрдемақылар төленеді. Мерекелік медальдармен марапатталған.***
Кубир Тлишов – 1924 жылы 1 қаңтарда туған. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы майданында және 1945 жылы Жапониямен соғысқа қатысты. Сондай-ақ І дәрежелі «Отан соғысы" орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.***
Ибрахим Мамбетұлы – 1924 жылы 17 сәуірде туған. Ұлы Отан соғысы кезінде 1942 жылы жарақат алып Астрахань госпиталінде емделген. Ерлігі үшін мерекелік медальдармен марапатталған. Аталған 16 ардагер қан майданда соғысты. Сондықтан да жас ұрпақ көзі тірі батырларды ардақтайық, ер есімін мәңгі есте сақтайық.Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН