©
Қаламқас кен орнындағы апатты тергеп-тексеру жұмыстары аяқталды. Комиссия «Си Бу» Инженерлі Бұрғылау Компаниясы» ЖШС айыбын анықтады. Аварияның себептері мен мән-жайлары көрсетілген акт жасалды және осындай авариялардың алдын алу бойынша шаралар әзірленді. Бұл туралы ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нығметжан Мақажанов министрліктің медиа орталығында өткен брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2019 жылғы 13 наурыздағы Маңғыстау облысы «Қаламқас» кенорнындағы №8237 ұңғымасында орын алған аварияның тергеп-тексеру жұмыстарын аяқтады. Министрлік, Маңғыстау облысы әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Си Бу» Инженерлі Бұрғылау Компаниясы» ЖШС (Ақтау), авариялық-құтқару қызметтерін көрсетуші «Кәсіби авариялық-құтқару қызметтінің республикалық орталық штабы» ЖШС-і «Ақ-Берен» Маңғыстау филиалы, сондай-ақ «Батысқазжерқойнауы» өңіраралық департаментінің Маңғыстау облыстық испекциясының геофизикалық және жобалық ұйымдар комиссия өкілдерімен «Си Бу» Инженерлі Бұрғылау Компаниясы» ЖШС бұрғылау компаниясымен ұсынған жобалық және орындаушы құжаттар, сондай-ақ грифонды газ-су көрінулерін себептерін нақты талдаулар жүргізілді. Ұсынылған материалдарды қарастырып, «Си Бу» Инженерлі Бұрғылау Компаниясы» ЖШС ұнғыманы бұрғылау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзғандығы, бұл өз кезегінде газ-су көрінулеріне алып келгенін, Комиссия анықтады. "Мердігер ұйым «Си Бу» Инженерлі Бұрғылау Компаниясы» ЖШС-нің ұңғыманы салуға арналған техникалық жобаны және мұнай және газ ұңғымаларын бекіту жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың талаптарын бұза отырып, цементтің қатаюын күтудің белгіленген уақытын күтпестен, ұңғыманың сағасы уақытынан бұрын герметизацияланған", - деп мәлімдеді министрліктегілер. Бұған қоса, атқыламаға қарсы жабдықтың (АҚЖ) пайдалануға қатысты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативті-құқықтық акт талаптарын сақтамаған. «Си Бу» Инженерлі Бұрғылау Компаниясы» тарапынан осы ұңғыманың құрылысын қауіпсіз енгізуге қажет болған өндірістік бақылауды қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ компания қызметкерлерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білім дәрежесі сәйкес келмейді. Бар фактілерді ескере отырып, комиссия орын алған аварияның негізгі техникалық себебі, «Си Бу» Инженерлі Бұрғылау Компаниясы» ЖШС компаниясы қызметкерлерімен ұңғыма үстіндегі атқыламаға қарсы жабдықты цементтің қатаю уақытын күту кезінде (цемент ерітіндісінің беріктігі біту кезеңінде) герметизациялау болып табылған деген шешімге келді. Комиссиямен аварияны тергеп-тексеру шешімі бойынша «Си Бу» Инженерлі Бұрғылау Компаниясы» ЖШС айыбы анықталды, аварияның себептері мен мән-жайлары көрсетілген акт жасалды және осындай авариялардың алдын алу бойынша шаралар әзірленді. Министрліктің хабарлауынша, тергеп-тексеру материалдары құқық қорғау органдарына берілген. Естеріңізге сала кетейік, 13 наурыз күні сағат 17:30 шамасында Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» кен орнында газ грифондары пайда болды. Мұндай грифорндардың саны 13-ке жеткен. 25 наурыз күні түнгі сағат 04:46 шамасында грифондардың бірінен өрт шығып, жалынның биікті 10 метрге дейін жетті. Отты сөндіру үшін Атыраудан қосымша арнайы техника алдырылды. Қызыл жалын үш күннен кейін, 28 наурыз күні сағат 01:05-те сөндірілді. https://youtu.be/r13pP6Ghm_s