©
Жаңаөзен қаласында "Өзенмұнайгаз" АҚ №1 Мұнай-газ өндіру басқармасының өндірістік аумағында өрт шықты. Өрт шалынған АСР арнайы техникасы жедел сөндірілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты "Өзенмұнайгаз" АҚ компаниясына сілтеме жасап. "2019 жылдың 29 наурыз күні сағат 09.25-те №1 Мұнай-газ өндіру басқармасы №4 тораптық шоғырланған сораптар станциясының өндірістік аумағында Мұнай дайындау және өндірістік қызмет көрсету басқармасына қарасты ілеспе құбырында тоспа орнатуға өрт жұмыстарын жүргізу кезінде өрт пайда болған. Нәтижесінде №2 скважиналарға қызмет көрсету басқармасының жөндеу жұмыстарына арналған АСР арнайы техникасын өрт шалған", - делінген хабарламада. https://youtu.be/k6_IebCu7pI Өртті «Өрт «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС сөндірген. Жану аумағы - шамамен 10 шаршы метр. Ал АСР арнайы техниканы қалпына келтіруге болады. Өрт себебін анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.Ақкенже БЕРКЕНОВА
Сурет сайт архивінен