Ақтауда волейболдан республикалық Ұлттық лига ойындарының XXVII чемпионаты өтті. Лига ойындарын Маңғыстау облысы әкімі Е.Тоғжанов тамашалап, өз құттықтауын жеткізді. 20-25 наурыз аралығында командалар Ақтау қаласының «Батыр» спорт кешенінде додаға түсті. Маңғыстаулық құрама осы сайыста екінші мәрте бақ сынады. Олар бұл жолы төрттікке еніп, мамыр айында Астана қаласында өтетін ақтық ойынға жолдама алды. Бұдан бұрын жергілікті команда 2017 жылғы нәтиже бойынша былтырғы Ұлттық лигаға енген еді. «Маңғыстаулық құрама болашағынан зор үміт күттіреді. Ақтық ойында тасымыз өрге домалап, жүлделі орынды иеленеміз деген сенімдеміз»,- дейді МО волейбол федерациясыныңпрезиденті Қуанышбек Әбдірахман. Сондай-ақ үздік ойыншыларға арнайы кубок табысталды. Лига ойындарына ҚР волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев арнайы келіп, аймақ басшысының жеке қабылдауында болды. Айта кетейік, Ұлттық лиганың құрамында 8 команда бар. Олар - Алматы, Петропавл, Павлодар, Тараз, Өскемен, Ақтөбе, Атырау және Ақтау қалаларының спортшылары. Чемпионатқа жалпы 100-ден астам спортшы қатысты.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="76182,76181,76180"]