©
Ақтау қаласын энергиямен жабдықтайтын «AllianceEnergoSnab-Ақтау» компаниясы өз лицензиясына қатысты түсінік берді. Айта кетелік, бұған дейін БАҚ беттерінде Ақтау қаласының тұрғыны Л. Перминованың Ұлттық экономика министрлігінен алған жауап хаты жарияланған еді. Хатта электр энергиясын сатып алу қызметін жүзеге асыруға №000576 мемлекеттік лицензияның «Оңтүстік энерго трейд» ЖШС-не берілгені айтылған. Кеше «Alliance Energo Snab-Ақтау» компаниясының өкілдері журналистерге мұның мәнісін түсіндірді. Олардың айтуынша, 2017 жылдың 20 қарашасында «Оңтүстік энерго трейд» ЖШС атауын «AllianceEnergоSnab» ЖШС деп өзгерткен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Компания филиалының директоры Абзал Тулемисовтың айтуынша, ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігімен 2009 жылдың 14 тамызында «Оңтүстік энерго трейд» ЖШС энергиямен жабдықтау қызметіне №000576 мемлекеттік лицензия берілген, 2017 жылы компания атауын өзгерткен. «AllianceEnergoSnab» ЖШС-нің 2018 жылғы 16 қаңтардағы өтінішімен Оңтүстік Қазақстан табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті №000576 лицензиясын қайта қалпына келтірді», - дейді филиал директорырының орынбасары Виктор Гржегоржевский. «AllianceEnergoSnab» ЖШС-нің филиалды басқару туралы 2018 жылғы 14 маусымдағы» №170/1 Бас сенімхаты арқылы қызмет етеді. Компанияның №000576 лицензиясы elicense.kz порталында «жарамды» деп көрсетілген. Оны компанияның БСН 080840013222 арқылы тексеруге болады. Бұл мекеме Ақтау қаласының Әділет органдарында 2018 жылдың 23 қарашасында тіркеуден өткен. "AllianceEnergoSnab–Ақтау" рұқсат құжаттары ЖШС Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне қарау үшін жіберілген. "AllianceEnergoSnab–Ақтау» ЖШС филиалына Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 43-бабы негізінде "AllianceEnergoSnab" ЖШС-нің бас офисіне берілген 2009 жылғы 14 тамыздағы №00576 лицензиясының күші қолданылады, бұл энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу бойынша қызмет етуіне құқық береді", - дейді Виктор Гржегоржевский.