©
Сенаттың баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде Дариға Назарбаеваның аккаунттары жоқ деп мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. "Бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына байланысты Сенаттың Баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде аккаунттары жоқ екенін хабарлайды", - делінген ақпаратта. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сенат басшысы аккаунт ашқан жағдайда олар тексеріледі және ресми түрде хабарланатын болады.