©
Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрі еліміздің үш өңірінде, атап айтқанда Астана, Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 21 мың теңгеден артық болады. Себебі ол жерлерде күнкөрістің деңгейі жоғары, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, 1 сәуірден бастап көпбалалы отбасылар үшін тағайындалатын жәрдемақының көлемі әрбір балаға 20 789 мың теңге болады. Аталған көрсеткіш барлығына - ортақ. Бірақ үш өңірде есеп-қисап басқаша жүргізіледі. «Қазір статистиканы ашып қарасаңыз, бізде үш өңірде күнкөріс деңгейі басқаша. Ол - Астана, Алматы мен Маңғыстау облысы. Осы үш өңірде жәрдемақы сәл жоғарылау болады. Қалған облыстарда әрбір балаға 20 789 теңгеден төленеді», - деді С.Жақыпова.