©
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Жапонияның Сайтама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медальға ие болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Элизабет Тұрсынбаева ересектер арасында алғаш рет төрттік сальховты секірді. Ол бұрын екі рет талпынып, бірақ құлап қалған еді. «Мен осы элементті бұдан кейін де жетілдіре түсемін, келесі жарыстарда жақсы орындайтыныма сенемін. Бұл — менің мақсатым», — деген еді ол осыдан бір ай бұрын өткен Төрт құрлық турнирінде. Әлем чемпионатында Элизабет тек Қазақстанның емес, бүкіл əлемдік мəнерлеп сырғанау тарихында қалатын төрттік сальховты сəтті орындады. Бұған дейін ересек қыздар арасында бірде-бір мəнерлеп сырғанаушы төрттік элементті секіріп көрмеген. Ол еркін бағдарламаны керемет орындап, қорытындысы бойынша 224,76 ұпай алды. Бұл, шын мәнінде, тарихи нәтиже деуге болады. Ал ресейлік Алина Загитова 237,50 ұпаймен әлем чемпионы атанса, Евгения Медведева 223,80 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Осылайша 19 жастағы Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Спортшы үздік нәтижемен наурыз мерекесіне тамаша сый жасады. Айта кетелік, бұл жарысқа барлығы 24 спортшы бақ сынасқан.