©
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. Жарлық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз. «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Ақорда, 2019 жылғы 23 наурыз № 6