Ақтауда Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шараны атап өтуге 100 мың адам жиналды. Наурыз мерекесіне орай теңіз жағалауында сән салтанаты жарасқан 26 киіз үй тігілді. Әр киіз үйдің алдында театрландырылған көрініс көрсетілді. Сондай-ақ жергілікті өнер жұлдыздары ән шырқап, би биледі. Тұрғындарға арналған «Бауырсақ пати» ұйымдастырылып, 25 метр дастарханға бауырсақ жайылып, таратылды. Бұдан өзге тегін палау мен қуырдақ үлестірілді. Сонымен қатар маңғыстаулықтар шахмат, асық ату, арқан тарту, қазақша күрес, гір көтеру, қол күшін сынасу мен тоғызқұмалақ сайыстарынан бақ сынады. Шарада облыстың құрметті азаматтары мен еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Мерекелік шара «Әз-Наурыз-татулық мерекесі!» атты театрандырылған көрініспен басталды. Бұл қойылым Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласында айтылған ежелгі көшпелі халықтың жеті қазынасын сахналады. [caption id="attachment_75696" align="alignnone" width="696"] Наурыз[/caption] «Театрландырылған көрініске облыстың 500-ге жуық өнерпазы шоғырланды. Қойылымда Ұлы даланың ұлы тұлғалары, атқа міну мәдениеті, Ұлы жібек жолы керуені сахналанды. Қойылым 3 актіден тұрды. Біріншісі – табиғаттың түлеуі, екіншісі – жаңа жылдың келуі, үшіншісі – Ұлы жібек жолы керуені деп аталды. Көріністе Ұлы Жібек жолы керуені бойындағы ұлттар мен ұлыстар өнерлерін паш етті. Аталған қойылымға жылқы, түйе, тазылар мен бүркіттер қамтылды. Адамдар өкпе-ренішін ұмытып, жаңа жылдан жақсылық, үміт күтеді. Наурыз айы елге ынтымақ, бірлік, ырыс, несібе әкеледі. Осы идея театрланған көріністе мұрындық болды», - дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Пания Сармузина. [caption id="attachment_75687" align="aligncenter" width="1280"] Театрландырылған көрініс[/caption] Жиналған көпшілікті наурыз мерекесімен Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов құттықтады. «Наурыз - жаңғыру мен жаңарудың, татулық пен бірліктің, ырыс пен молшылықтың белгісі. Біздің ұлтық құндылықтарымыз, рухани мұраларымыз әз-наурызбен біте қайнасқан. Әр босағаға аттаған Ұлыстың ұлы күні береке-бірлікті нығайтып, қуаныш пен жылулық әкелсін. Наурыз мерекесі құтты болсын!» - деп аймақ басшысы Ералы Тоғжанов ізгі тілегін айтты. [caption id="attachment_75686" align="alignnone" width="696"] Облыс әкімі Ералы Тоғжанов[/caption] Сондай-ақ Ералы Тоғжанов Маңғыстауда мүгедектерді, жетім балаларды, көп балалы аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған «Бақытты отбасы» жобасы аясында облыстағы 10 отбасыға 100 мың теңгені табыс етті. Қалалар мен аудандардан жергілікті кәсіпорындардың қолдауымен 1842 мұқтажға, соның ішінде көп балалы отбасыларға 32 млн теңге көмек көрсетілді. Ералы Тоғжановтың айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған «Қайырымдылық керуен» акциясы бастау алып, ол 2019 жыл бойы өткізіледі. Мерекеге жиналған қауым концертті тамашалап, мерекенің сәнін асыра түсті. «Атасы екеуміз немелерімізді ертіп концертті тамашалауға келгенбіз. Биылғы наурыз ерекше әсер етті. Балалар да мәз-мейрам, ауа-райы да қолайлы болып тұр. Жыл басы жағымды жаңалыққа толы болсын!» - дейді Ақтау қаласының тұрғыны Роза Каримова. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="75700,75699,75694,75692,75690,75687,75688,75693"]