Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінде Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев көп балалы аналарды құттықтап, алтын және күміс алқалар табыстады. "Алып та, батыр да анадан туады. Әрқашан аналарымызды ардақтаған xалықпыз. Бүгінгі ұлық мерекеде өздеріңізді құттықтай отырып, сіздерге зор алғысымды білдіремін", - дей келе Ә.Құлынтайұлы батыр аналарды Елбасының Жарлығымен "Алтын" және "Күміс" алқалармен наградтады. Салтанатты жиында 2 ана алтыннан, 21 ана күмістен алқа тағынып, сый-құрметке бөленді. Батыр аналардың ең жасы 30-ға енді толған 6 баланың анасы қызылсайлық Айнаш Қыдырбаева болса, ең үлкен "Алтын алқа" иегері 75 жастағы Алип Амантұрлиева. - 4 ұл, 3 қызым бар. Балаларымның алды жұмыс істейді, үлкен қыздарым тұрмыста. Одан кейінгілері мектепте, ал ең кішісі енді 2-ге толады. Елбасымыз Н.Назарбаевтың Жарлығымен беріліп жатқан марапат біз үшін зор құрмет! Ұлыстың ұлы күні қуанышымызды еселеген қала әкіміне алғыс айтамын. Мереке құтты болсын, еліміз гүлдене берсін! - деп жүрекжарды тілегін білдірді 45 жастағы батыр ана, "Алтын алқа" иегері Жанар Ізбасарова. Сондай-ақ еңбекте табысқа жеткен бір топ аналар қала әкімі атынан Құрмет грамотасына ие болды.
ҚАСЫМ МЕН ЖОМАРТ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Марапаттар тапсырылған соң Әділбек Дауылбаев бастаған қала активі перзентxанаға жол тартты. Мұнда ел ағалары сәбилерін Наурыз мерекесінде дүниеге әкелген жас аналарды мерекемен арнайы құттықтап, сый-сияпаттарын ұсынды. Қала әкімі Ұлыстың ұлы күні өмірге келген нәрестелердің ғұмыры ұзақ, еліміздің абыройлы азаматтары болуын тілеп, ақ батасын берді. Жас аналардың ішінде егіз ұлын 19 наурыз күні дүниеге әкеліп, есімдерін Қасым мен Жомарт қойған 22 жастағы Ақерке Қожикова да бар.Айжан НАСЫРОВА