13-14 наурызда Маңғыстау облысындағы Отпан тауда Амал мерекесі тойланады. Отпан тауда 60 жуық киіз үй тігіліп, дастархан жайылады. Ал тағам әзірлеу үшін газ баллондары қолданылатыны белгілі. Соған орай 12 наурызда Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті мерекені ұйымдастырушыларға өрт қауіпсіздігін түсіндірген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Төтеншеліктер өрт қауіпсіздігін күшейту үшін 150-ден аса азаматқа түсіндіру жұмысын жүргізген. Сонымен қатар өрт қауіпсіздік талаптарын сақтауға 30-дан астам адамды қамтыған 2 жүріс және дәріс өткізілді. Мамандардың айтуынша, газ баллондарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерді сақтау қажет. «Салтанатты шара өтетін Отпан тауда 100 данадан астам үгіт-насихат материалын тараттық. Жаднамалар, кітапшалар, нұсқаулар таратуды 13-14 наурыз күндері де жалғастырмақпыз. Сондай-ақ Амал мерекесі тойлау кезінде де техникалар жұмылдырылып, өрт қауіпсіздігі сақталады», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметкері.
Ақкенже БЕРКЕНОВА