©
2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ауасы ластанған жиырма елдің қатарына енген. Мұндай рейтингті Швейцариялық AirVisual компаниясы жасаған деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты baq.kz-ке сілтеме жасап. Зерттеуді жүргізген мамандар әлемнің 73 елінде РМ2.5 зиянды бөлшектердің шоғырлануын салыстырып көрген. Нәтижесінде Қазақстан 29,8 µg/m³ көрсеткішімен 20-орынға тұрақтаған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ұсынылған қалыпты норма 10 μg/m3 құрайды. Бұл тізімде Орталық Азия елдерінен Қазақстаннан өзге Өзбекстан да бар, ол 16-орында. Ал Ресей 58-ші, Украина 48-шы орында тұр. Ең таза ауа Исландияда (5 μg/m3) екен. Сондай-ақ Финляндия, Австралия, Эстония және Швейция ауасы таза елдер қатарында. Ауасы ең нашар елдердің көшін 97,1 μg/m3 көрсеткішімен Бангладеш бастап тұр. Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және Бахрейнде ауа сапасының жоғары деңгейде ластанғаны тіркелген. Қазақстандағы ауасы нашар қалалар ішінде 26 µg/m³ көрсеткішімен Астана көш бастап тұр.