©
Жұмысшыларға өндірілген жалақының жалпы мөлшері 85 млн теңгені құраған. Бұл жөнінде Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. «Ақтау қаласы прокуратурасының актісімен «АВТМ» ЖШС-нен 190 жұмысшының пайдасына 35 млн. теңге өндірілді. «Ынта» ЖШС-і 322 жұмысшыға 21 млн. теңге қарызын өтеді. Бейнеу және Маңғыстау аудандары прокуратураларының ұсыныстарымен 251 жұмысшыға 30 млн. теңге берешегі төленді», - деп жазылған мәліметте. Сонымен қатар еңбекақыны уақытылы төлемегені үшін үш жұмыс берушіге 600 мың теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынған.