©
2019 жылдың 1 сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі өзгереді. Оның қалай төленетіні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан бейнероликте егжей-тегжейлі түсіндірілген, - хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Бейнероликте бір отбасыға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері мысал ретінде көрсетілген. Қазіргі уақытта (1 сәуірге дейін) атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің критерийі бар. Яғни басты шарты - отбасының әр мүшесіне бөлінетін табыс 14 849 теңгеден аспауы тиіс. «Мәселен, төрт бала тәрбиелеп отырған ананы алдық. Отбасының табысы 50 мың теңге. Егер бұл табысты бес адамға - отбасы мүшеінің санына бөлсек, жан басына шаққандағы табыс 10 мың теңге болады. Атаулы әлеуметтік көрсетудің басты критерийі - 14 849 теңге болғандықтан, одан отбасы табысы - 10 мың теңгені алып тастап, айырмасы 4 849 теңге болады. Бұл - отбасының бір мүшесіне арналған АӘК мөлшері. Бұл соманы беске көбейтсек, 24 245 теңге болатын атаулы әлеуметтік көмек көлемі шығады», - делінген бейнероликте. 1 сәуірден бастап, атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі 20 789 теңгеге дейін көтеріледі. «Сол мысалды алсақ, отбасылық табысы 50 мың теңге болатын, кәмелет жасына толмаған төрт баланы тәрбиелеп отырған анаға 10 789 теңге беріледі. Критерий - 20 789 теңгеге дейін көтерілген. Одан 10 мың теңгені алып тастасақ, әр отбасының әр мүшесіне 10 789 теңге тиесілі, бұл тек анасына беріледі. Ал балаларға 20 789 теңге мөлшерінде бекітілген сома беріледі. Нәтижесінде төрт балаға - 83 156 теңге және анасына 10 789 теңге бөлінеді. Жалпы алғанда, балалар мен анасы 93 945 теңге атаулы әлеуметтік көмек алады. Осылайша атаулы әлеуметтік көмек көлемі 3,9 есе артады», - делінген бейнероликте. 93 945 теңге атаулы әлеуметтік көмек пен 50 мың теңге табысты қосқанда, мысалға келтірілген отбасының жалпы табысы 143 945 теңге болады. https://www.youtube.com/watch?v=h2u4HLCy8N4&t=9s