"Нұр Отан" партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрберген Худибаев, қалалық мәслихат депутаты Айсұлу Исаева және Теңге ауылының әкімі Сәрсенбек Қалаубаев партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Теңге ауылы тұрғыны 100 жастан асқан ана Гыммат Жанабаеваны 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтай барды. Гыммат әжей шаңырағына арнайы келген ел азаматтарға алғысын білдіріп, ақ батасын берді. Гыммат Жанабаева 9 ұл, 2 қызды дүниеге әкелген көп балалы ана, «Алтын алқа» иегері.
Өз тілшімізден