ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысының аумағында ұзақ уақыт бойы қытайлық азаматтардың заңсыз көші-қонын ұйымдастырумен айналысқан топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. ҚХР-дан мигранттардың заңсыз арнасын Тараз қаласының көші-қон полициясы бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған. Атап айтқанда, бұрынғы басшысы А. Зейдалиев және оның орынбасары Б. Наурызбаев. Олар ҚХР-дан шыққан У. Силамбекпен «делдал» ретінде сыбайласқан. Көрсетілген адамдар тобы жалған құжаттарды қолданып, Жамбыл облысында ҚХР-дың 170-тен аса азаматын оларға Қазақстанда кедергісіз тұру үшін тиісті құқық беретін құжаттар берумен құжаттандырған. 2019 жылғы 5 наурызда № 2 Тараз қалалық сотында көрсетілген қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. "А. Зейдалиев ҚР ҚК 361 4.4 З-т. («Ауыр салдарларға әкеп соққан лауазымдық уәкілеттілікті теріс пайдалану»), 394 4.2 («Адамдар тобының алдын ала сөз байласып заңсыз көші-қон ұйымдастыруы») баптары бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде жазасын өтеумен бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада. Ал Б. Наурызбаев ҚР ҚК 361-бабы 4-бөлімі З-т, 394-бабы 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекмесінде жазасын өтеумен бас бостандығынан айырылды. Ал олардың сыбайласы У. Силамбек ҚР ҚК 394-бабы 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекмесінде жазасын өтеумен бас бостандығынан айырылды. "Сотталған Б. Наурызбаев пен У. Силамбек үкім жарияланғаннан кейін сот залында қамауға алынды. А. Зейдалиевке қатысты бұған дейін «қамау» шарасы қолданылған", - делінген хабарламада. ҰҚК-нің мәлімдеуінше, қазір ҚХР азаматтары заңсыз алған ҚР аумағында тұруға құқық беретін ресми құжаттардың күшін жою мәселесі шешілуде.
Суреттер ҰҚК сайтынан