Ақтауда заңсыз және стандартқа сай емес 2 билборд пен 20-ға жуық кішігірім жарнама құрылғысы алынып тасталды. Бұны 2 наурыз күні қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары қала әкімінің тапсырмасымен жүргізілген мониторинг кезінде анықтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. «Мониторинг 29 «А» және 28 «А» шағынаудандарында жүргізілді. Жұмыс барысында көбінің жер телімі рәсімделмеген екен. Сондай-ақ сыртқы жарнама құрылғыларын орналастыру үшін заң талабы бойынша мемлекеттік тілде және орыс тілінде болу керек. Алайда бұл заңды кейбір кәсіпкерлер орындамаған. Олар сәулет бөлімінен ешқандай келісім алмаған. Мониторинг кезінде заңсыз және талапқа сай емес 2 билборд пен 20-ға жуық жарнама құрылғысы алынып тасталды. Сонымен қатар мониторинг алдағы уақытта ай сайын шағынаудандарға байланысты жүргізіліп тұрмақ», - дейді қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы Шалхар Ерболғанов. [caption id="attachment_74008" align="alignnone" width="696"] Шалхар Ерболғанов[/caption] Жарнама қатысты кеңес алу үшін дүйсенбі, сәрсенбі күндері бөлім мамандары түсіндіру жұмысын жүргізеді екен. Шалхар Ерболғановтың айтуынша, шаһар тұрғындары 50-47-09 телефон нөміріне хабарласып билборд жөнінде сұрақтарын қоя алады. Ал жарнама ілу рұқсатын тек МО Халыққа қызмет көрсету орталығынан алмақ. Сондай-ақ барлық жарнама құрылғылары үшін мемлекетке салық төлеу керек екен. Қазір қала аумағында шамамен 220 билборд бар. Жұмыс тобының жоспары бекітілгеннен кейін басқа шағынаудандарға мониторинг жүргізілмек.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Көрнекі суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="74011,74012,74014,74015"]