©
Ақтауда 1 наурыз күні Маңғыстау облысының медициналық мекемелері Ашық есік күнін өткiзбек. Таңертең сағат 9:00-де басталатын шарада тұрғындар денсаулығына қатысты көкейіндегі жүрген сауалдарды қоя алады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ашық есік күнінде мамандар тегін кеңес береді. Оған Маңғыстау облыстық ауруханасы (кардиохирургия орталығы), облыстық балалар ауруханасы, онкологиялық диспансер, №1 және 2 Ақтау қалалық емханаларының қызметкерлері арнайы келеді. Сондай-ақ СофиМед, Нейрон, Сеним, Ясин мамандары да қатысады. Маңғыстау облыстық тері–венерологиялық диспансері Ашық есік күнін 3 шағынаудан, 26 ғимаратында өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар 1 наурыз күні МО ЖИТСке қарсы күрес және оның алдын алу орталығы АИТВ инфекциясына тегін және құпиялы түрде талдама жасауға болатынын айтады. Ол үшін 3 шағынаудан, 170 ғимаратына келу керек. Байланыс телефондары: 34-12-58, 50-40-49. «Тұрғындар қолайлы болу үшін қандай мамандардың қабылдауында болу керегін нақтылап алған жөн. Ол үшін өзіне қажет бөлімнің көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласу керек», - дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері Азамат Сәрсенбаев. Өтетін уақыты: 1 наурыз, сағат 09:00-ден 17:00- ге дейін. Алдын ала жазылу телефоны: 60-78-00; Маңғыстау облыстық ауруханасы 21-02-75; Облыстық балалар ауруханасының - 21-03-62; Облыстық онкологиялық диспансерінің телефон нөмері 43-13-11; Облыстық наркологиялық диспансері - 50-01-25; Облыстық тері-венерологиялық диспансері - 50-04-22; ЖИТС орталығы-50-73-62; №1 Ақтау қалалық емханасы - 51-46-77; №2 Ақтау қалалық емханасы - 21-04-47; Ясин - 34-01-71; Нейрон - 33-33-12; Сенім - 30-30-66; СофиМед-20-33-33.