©
Бұл жөнінде бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалының басшысы Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді. «Өздеріңізге белгілі әр жылы қыркүйектің 15-нен қарашаның 15-не дейін барлық бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін ұйымдарда тіркеу науқаны жүргізіледі. Тұрғындар медициналық ұйымды өз еркімен таңдауға құқылы, ол заңымызда да көрсетілген. Былтыр күздегі науқан нәтижесінде облыс бойынша 679967 адам тіркелген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 пайызға жоғары», - деді ол. Бақыт Торғайбайұлы Маңғыстау туу көрсеткіші жөнінен алдыңғы қатарда тұрғандықтан, тұрғындар саны күрт артып келе жатқанын алға тартты. Бүгінгі таңда 2018 жылдың желтоқсан айында көрсетілген қызметтер бойынша ақы төлеу жұмыстары аяқталған. Ал биыл 55 мекемемен келісімшарт жасалып, 26 млрд теңгедей қаржы бөлінген. Оның 26-сы жекеменшік, 29-ы мемлекеттік мекемелер. «Бөлінген қаржының үлес салмағына қарасақ, 90 пайыздайы мемлекеттік мекемелерге бағытталған. Өйткені бүгінгі таңда олардың мүмкіндігі мол, орын саны көп. Ал жекеменшіктер - енді келіп жатқан мекемелер, олар өздеріне тиімді қызметтерді таңдап алады. Бұлар тек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ғана көрсетілетін қызметтер», - дейді Бақыт Исмаханбетов.Теңге БЕКМҰРЗАЕВА