Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры көктемнің алғашқы айына арналған қойылымдарын назарларыңыза ұсынады.
Тізімде театр қоржынындағы спектакльдермен қатар жаңа туындылар да бар.
«Көктемде театр қоржыны жаңа екі қойылыммен толықпақ. Оның бірі – «Жастар жылына» байланысты «Алғашқы махаббат» комедиясы болса, екіншісі – Григорий Гориннің «Атың өшсін, ...!» спектаклі. Көрермендеріміздің көңілінен шығады деген сенімдеміз, біз әрі қарай да жақсы қойылымдарымызбен қуантқымыз, рухани азық сыйлағымыз келеді», - дейді театр басшысының орынбасары Тоқтамұрат Тілеу.
«Атың өшсін, ...!» премьерасы 10, 15, 21 наурыз күндері өтсе, «Алғашқы махаббат» спектаклінің тұсаукесері 30,31 наурызға жоспарланған.