©
Жаңаөзенде бір күннің ішінде 183 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Қалада жұмыссыздарды тіркейтін және жұмысқа тұрғызатын бірнеше пункт ашылды. Бұл - Жаңаөзен халқын жұмыспен қамту мақсатында жасалған кешенді шаралардың нәтижесі. Бұған дейін сенбі күні қалада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткен болатын, - деп мәлімдеді Маңғыстау облысы әкімідігіндегілер. Мәселен, «Өзенинвест» ЖШС-нде 350 жаңа жұмыс орыны құрылып, бүгін сол мекемеге 49 азамат жұмысқа қабылданған. Енді қалған 300 орынға да жұмысшы қабылдайтын болады. https://www.youtube.com/watch?v=zAE78eswCaM Сонымен қатар облыс орталығынан келген 23 кәсіпорын өкілдері ел азаматтарынан құралған қоғамдық комиссия мүшелерімен бірлесіп тұрғындарды қабылдаған. Олар 324 жұмыс орнын ұсынып отыр. Бүгін 465 азамат түйіндемесін тапсырып, олардың 84-не келісім берілді. Оның ішінде 11 адам Ақтауға жұмысқа орналасу үшін жолға шығып кетті. https://youtu.be/FILBtuayrIc "Олардың 5-еуі «ҚазАзот», 1-уі «Машинақұрастыру зауыты», 1 адам «Оңдасын строй» құрылыс мекемесіне, 2 адам «Ақжол құрылыс», 1 адам «К7 групп» құрылыс компаниясына орналасса, «СМК-4» ЖШС 1 адамды жұмыспен қамтыған. Тағы да 79 түйіндеме қаралып жатыр", - деп мәлімдеді жергілікті билік өкілдері. Сонымен қатар бұл күні жаңаөзендіктерге кәсіп ашу, оны одан әрі алып жүру мәселелері бойынша Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы және «Нұр капитал» (1% несие беру) жобасы бойынша кеңес берілді. Айта кетелік, бизнес бастағысы келетіндер тегін оқытылады. Оған «бизнес кеңесші» бағдарламасы бойынша бір айлық тегін оқыту кіреді. Бизнесті қолдау және дамыту бағдарламаларына сәйкес жеке кәсіпкерлер 100-ге жуық адамды жұмысқа қабылдауға дайын (оның ішінде «Нұр капитал» бағдарламасы бойынша ісін бастаған мекемелер бар). Бұл бағытта 50 адамның өтініші қабылданды. https://www.youtube.com/watch?v=NTAAhaWbSf0