Жаңаөзен қаласының тұрғыны тыйым салынған есірткілік дәрімен ұсталды. Ұстау операциясын Маңғыстау облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері бүгін 25 ақпан күні шамамен сағат 16:00-де жүргізген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Тінту кезінде салмағы 100 грамнан асатын марихуанға ұқсас өсімдік заты және 2 "Тромадол" бумасы табылған. Бұл дәрі дәріханаларда тек дәрігердің тағайындауымен ғана сатылады. Ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
https://youtu.be/3EwR3p40jDkБұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3 тармағы бойынша Жаңаөзен ҚІІБ СДТБТ-да тіркелген.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Бейнежазбаны МО Полиция департаменті ұсынды