©
Қазақстанның батыс өңірінде алғаш рет жүрек жұмысының жеткіліксіздігіне шалдыққан науқасқа Т -бейнелі министернотомия отасы жасалды. Отаны Маңғыстау облысының дәрігерлері жасады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Науқас 1977 жылы туған. Оған эндокордит инфекциясы, аорталдық клапанның бітелуі, аорталдық клапанның 3 деңгейінің жеткіліксіздігі және өкпе қысымының көтерілуі диагнозы қойылған. «Отаны шұғыл түрде жасады. Оның аораталдық клапанын механикалық протезбен протездеді. Отаның күрделілігі - клапанға жетудің қиындығында. Өйткені клапан толығымен дерлік инфекцияның әсерінен бұзылған. Кардиохирург мамандар түтікті алып тастады. Егер ота қалыпты жағдайда жүргізілгенде, онда клапанның ойығы 25-30 см болар еді», - дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері Азамат Сәрсенбаев. Ота шағын ойықты пайдалану арқылы жасалғандықтан отадан кейінгі кезеңде науқастың өкпесін жасанды желдету уақыты азайып, қалыпты әдіспен салыстырғанда қан жоғалту төмендеді. Министернотомия – аорталдық клапаны бұзылған созылмалы аневризімді нәтижелі және қауіпсіз емдеу әдісі. Қазір науқас өзін жақсы сезінетінін жеткізді дәрігерлер.Басты сурет архивтен