Жаңаөзендік кәсіпкерлер жексенбі күні қаладағы көпбалалы және аз қамтылған 300 отбасыға азық-түлік таратты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл қайырымдылық іс Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжановтың бастамасымен Алғыс айту күнінің қарсаңында қайырымдылық акциясы бастау алған болатын. Шараға Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлері белсенді ат салысып отыр. Олар ұйымдаса келе 300 отбасыға азық-түлікпен көмектесуге шешім қабылдаған.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="73332,73329,73330,73331,73328"]