Жаңа орталық Х.Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде ашылды. 6 компьютерлік сынып, 97 компьютер, 10 ноутбукпен жабдықталған. Онда 11 оқытушы қызмет етпек. Қазір колледжде 125 бала ІТ бағытында білім алып жатыр.
Бүгін Маңғыстау облыстық білім басқармасы, «Нұр Отан» партиясы аумақтық филиалы, Ақтау қалалық әкімдігі мен білім бөлімі мамандарының қатысуымен орталықтың ресми ашылу рәсімі өтті.
«Колледжімізде 1883 бала 18 мамандық пен 26 біліктілік бойынша білім алуда. Облыстық Білім басқармасы жоспары аясында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ІТ-орталығын ашып отырмыз. Негізгі мақсаты – «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру, жұмыссыз жүрген жастарды осы бағыт бойынша оқыту және қыркүйектен бастап инклюзивті білім беруді жолға қою. Сондай-ақ облыс бойынша барлық ІТ мамандары біліктіліктерін осы орталықта арттыруды көздеп отырммыз», - Маңғыстау политехникалық колледжінің директоры Зарипа Шолтанова.
Сонымен қатар колледж базасында облыс көлемінде қысқа мерзімді (1-2 айлық) курстар ұйымдастыру, Worldskills стандартына сай ІТ мамандар дайындау жоспарланған.
«Біз бұдан бөлек облыс көлеміндегі өзге де коллеждер мен мектептер базасында осындай орталықтар ашуды көздеп отырмыз. Қазір 36 ІТ-сынып болса, жыл соңына дейін 100-ге жеткізу жоспарланған», - дейді МО Білім басқармасы басшысының орынбасары Н.Қойжанов.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="73322,73321,73320,73318"]