©
Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде өткен отырыста Жеңіс Қасымбектің кандидатурасы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындауға келісілді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес аталған мәселе Комитет отырысында қарастырылды. Қазақстан Үкімет басшысының тапсырмасымен Жеңіс Қасымбектің кандидатурасын ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды. Сонымен қатар ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына Гүлшара Әбдіхалықова тағайындалды.