©
Өз әлеуметтік жобасын ұсынған маңғысаулық жастарға 1 миллион теңге көлемінде грант берілмек. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігінің жобаларды басқару бойынша топ жетекшісі Гүлмира Ескендірова мәлімдеді. [caption id="attachment_73273" align="aligncenter" width="1024"] Гүлмира Ескендірова[/caption] «Жастарды, әсіресе жұмыссыз жүрген немесе оқи алмай қалған жастарды қолдау мақсатында қолға алынған жастар корпусын дамыту жобасы Маңғыстау жастары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп ойлаймын. Жоба аясында өмірлік мәні бар әлеуметтік жоба ұсынған жастардан құралған топтарға 1 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз қаржы яғни грант беріледі. Ал, жобасы іске асқан топтың әр мүшесінің жоғарғы білімі барына 60 мың теңге қалғандарына 40 мың теңге стипендия ай сайын төленеді», - деді Гүлмира Қайырбекқызы. https://youtu.be/nW3mQwyCZ4I Жобаға 14-29 жас аралығындағы барлық жастар қатыса алады, дегенмен жұмыссыз жастарға басымдық беріледі. Наурыздың 15-і мен сәуірдің 15-і аралығында өтінім қабылдау жүргізіледі де 15-сәуір мен 15-мамыр аралығында іріктеу өтеді. Ал, 15-мамырдан 1-маусымға дейінгі аралықта келісім шарт жасалып 1 маусымнан бастап жоба жеңімпаздары жұмысын бастайды. Алғашқы алты айда жоба жеңімпаздары өндірген өнімін немесе қызметін тұрғындарға тегін ұсынады да ары қарай кәсіпкерлік негізде жұмыс жасай береді. Жобаға өтінім жіберу онлайн түрде жүргізіледі және толық ақпаратты zhasproject.kz сайтынан алуға болады. Сондай-ақ өтінім қабылдау кезінде жастарға ақпараттық, құқықтық көмек көрсететін семинар-тренингтер өткіземіз дейді мамандар. [caption id="attachment_73272" align="aligncenter" width="1024"] Вера Ким[/caption] «Бүкіләлемдік банк пен ҚР Білім және ғылым минстрлігінің біріккен жобасы елімізде 2017 жылы қолға алынды, сол жылы Қарағанды, Алматы облыстары мен Түркістан, Павлодар қалаларынан 589 жоба мақұлданды, ал 2018 жылы Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл және Қостанай облысын қамтып, 1027 жоба қаржыландырылды. Биыл Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары мен Астана, Алматы қалаларының жастары үшін 1100 жобаны қаржыландыру көзделіп отыр», - деді жобаның үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким. «Жастар жылында бұл жоба маңғыстаулық жастар үшін үлкен жаңалық болып отыр. Облыста идеялары мықты жастарымыз көп, жобаға қатысуға олар ынталы. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы бойынша жұмыссыз жастардың пайыздық үлесі 3 пайызды құрап отыр, яғни 2100 жас. Біз өз кезегімізде жоба туралы жастарға түсіндіру жұмыстарын бастап кеттік, аз қамтылған отбасылардан шыққан жастардың жобаға қатысуына ықпал етеміз», - дейді Маңғыстау облыстық жастар саясаты басқармасының бөлім басшысы Мирлан Қажыгереев.