Германиядағы турнирде маңғыстаулық спортшы қола медаль иеленді
[ 2019 ] 25 ақпан, 10:37 | Жаңалықтар
Еркін күрестен әйелдер арасында «Грант При Германия» халықаралық турнирінде маңғыстаулық Марал Тәңірбергенова қола медальді жеңіп алды, - деп хабарлады mangystaumedia.kz сайты.
Германияның Дормаган қаласында өткен жарыс 24 ақпанда аяқталды. Турнирге 10 мемлекеттен спортшылар келді.
"Марал 46 келі салмақта күш сынасты. Алғашқы күресте Польшалық спортшыны 6:5 есебімен жеңді. Бірақ финалға жолдама алар кездесуде қазақстандық қарсыласынан жарыс кезінде қателік жіберіп алып, жеңіліп қалды. Ал қолаға таласта Германия елінің спортшысынан есесін жібермеді", - дейді әйелдер арасында еркін күрес бапкері Александр Мухалев.
Жас спортшы Марал Тәңірбергенованың айтуынша, оған әлі де жаттыға түсу қажет.
«1-ші орын алмағаныма қынжылып тұрмын. Бұл әлсіздік емес, сәттілікпен байланысты болды. Жарыс кезінде өзімнің физикалық дайындығымды арттыру қажет екенімді түсіндім», - дейді М. Тәңірбергенова.
Айта кетелік, 8 жасынан бастап күреспен айналысқан жас спортшы бұған дейін 2017-2018 жылдары Азия чемпионатында 3, 2-ші орындарды иеленді. Сондай-ақ ол 2017-2018 жылдары күрестен Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанған.
738
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.