©
Соңғы бірер күнде әлеуметтік желілерде Жаңаөзенге әскерилердің кіргізіліп жатқаны туралы видео тарап кеткен еді. Маңғыстау облысының әкімдігі бұл видеоның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Жаңаөзен қаласында тəртіп күшейтіліпті" деген түрлі əңгіме, қауесетке қатысты Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Жансая Исмағұлова арнайы мəлімдеме жасады. "Құрметті, жерлестер! Әлеуметтік желілерде Жаңаөзенде әскери теxникалар кіргізіліп, тәртіп күшейтілді деген алып-қашпа әңгіме тарап жатыр. Бұл қауесеттердің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеймін. Бүгін ғана мұнайшылар шаһарында болдым. Ел қалыпты күйде тіршілік етіп жатыр. Жұмыссыздарды тіркейтін және жұмысқа тұрғызатын бірнеше пункт ашылды. Адамдар тіркеліп, жұмысқа орналасып жатыр. Бүгін 183 адамды тұрақты жұмысқа орналастырдық. Сондықтан елдің бірлігін бұзғысы келетін бүлікшілерден абай болыңыздар дегім келеді. Ел қымбат, егемендік қымбат. Басты байлығымыздан айырылып қалмайық!" - делінген мәлімдедеме. Видеоны түсірген азаматтың өзінің айтынша, бейнежазба осыдан бір жыл бұрын «Оймаша» полигонында өткен стратегиялық командалық штабтың жаттығуы кезінде түсірілген. https://www.youtube.com/watch?v=nYUbE7dfFZ0 Бейнежазбадағы әскери ұшақтар «Батыс-2018» оқу-жаттығуы кезінде әкелінген. Ал осы ескі видеоны әлеуметтік желіге кімдердің қайтадан жүктеп, елді дүрліктірудегі мақсаты не екені белгісіз. "Жалған ақпарат тарату заңмен тыйым салынғандығын ескертеміз", - деп мәлімдеді Маңғыстау облысы әкімдігі.