©
Маңғыстаулық көп балалы аналар автобуста тегін жүретін болды. Жол жүру талонын қайдан алу керектігін МО Автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалдау басқармасының бас маманы Өмірбек Сағындықов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсіндірді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Көп балалы аналар және әлеуметтік осал топтағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар биыл сәуір айынан бастап Ақтау қаласының ішіндегі №2, 3, 4, 5, 7 автобустарында тегін жүре алады. Сондай-ақ 2019 жылдың сәуір айынан бастап Мұнайлы ауданының көп балалы аналары №103, 105, 106, 104 автобустарында қатынау тегін болмақ. [caption id="attachment_72982" align="aligncenter" width="1024"] Өмірбек Сағындықов[/caption] «Сонымен қатар көп балалы аналар Мұнайлы ауданішілік №13-А маршрутында биыл тамыз айынан бастап тегін қатынайды. Маңғыстау мен Бейнеу аудандарының көп балалы аналары 2020 жылдан бастап ауданішілік маршруттарда тегін жүрсе, ал Жаңаөзен қаласындағы №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 12 автобустарына биыл тамыз айынан бастап көп балалы аналар ақысыз мінбек», - дейді МО Автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалдау басқармасының бас маманы Өмірбек Сағындықов. https://www.youtube.com/watch?v=Y0smKRUHsmA "Ақтау қаласының көп балалы аналары қоғамдық көліктерге тегін жүру жеңілдігін алу үшін өзінің жеке басының куәлігі мен 3х4 көлемді суретін қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсыну керек. Сол жерден тегін жүру талонын алады", - деді ол.Ақкенже Беркенова
Сурет пен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН