Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов өзінің есептік кездесуінде көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған жобасын ұсынған еді. Ол жоба 7 пункттен тұрады. Тиісті орган өкілдері мен мамандары 7 әлеуметтік қолдау шарасының қалай жүзеге асырылатынын егжей-тегжейлі түсіндірді. Көп балалы аз қамтылған отбасыларды қолдауға арналған әлеуметтік көмектің алғашқысы - 100 мың теңге. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинге айтылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. [caption id="attachment_72977" align="aligncenter" width="1024"] Қарашаш Нурмамедова[/caption] Маңғыстау облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қарашаш Нұрмамедованың айтуынша, көп балалы отбасы деп 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларды атайды. Ал әлеуметтік көмек аз қамтылған көп балалы отбасыларға жылына 100 мың теңгеден төленеді. Яғни мемлекеттік атаулы көмекті күнкөріс деңгейінің жан басына шаққандағы табысы 50%-дан төмен отбасыларға тағайындалады. https://www.youtube.com/watch?v=arr2aZPnvXc «Түсінікті болу үшін толығырақ тарқатсам. Мәселен, тұрақты мекен-жайы бар көп балалы отбасы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жұмыспен қамту орталығына жүгінеді. Үйге кіретін табыс жан басына шаққанда 16 мың 954 теңге жетпесе әлеуметтік көмек тағайындалады. Сондай-ақ отбасы бір мекен-жайда болу керек», - дейді Қарашаш Нұрмамедова. Облыстық, қалалық маслихаттардың шешімімен 100 мың теңге әлеуметтік көмектің ережесін бекітілмек. "Содан кейін 2-ші тоқсаннан бастап осы көмекті төлейміз", - деді ол.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Сурет пен видеоны түсірген Талан ҚҰСАЙЫН