Ашылғанына 2 ай ғана болған Маңғыстау облысының көші-қон қызметі орталығы облыстық бюджетке 99 миллион теңге түсірген. Оның ішінде 2 млн әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардан түссе, шетел азаматтарын заңдастырудан 97 млн түскен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Есепті кезеңде облыстың ПД-нің көші-қон қызметі бөлімшелерінде 18 681 шетелдік уақытша тіркелген. Олар 8 алыс шетел азаматы және 18673 жақын шетелдерден (ТМД) келген шетелдік азаматтар. Әкімшілік жауапкершілікке 1006 шетел азаматы тартылды. Олар ТМД елдерінің азаматтары. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандарға 2 млн. 375 мың 232 теңге айыппұл салынып, өндірілген. Сонымен 121 шетелдік елден шығарылды. Оның ішінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен – 7, ал бас бостандығынан айыру орындарынан шыққаны -1 адам. Сондай-ақ 424 шетелдікке Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімі қысқартылған. Сондай-ақ түрлі құқық бұзушылықтары үшін ҚР 133 жеке және заңды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. МО Полиция департаментінің хабарлауынша, көші–қон заңнамасының саласы бойынша СДТБТ тәртібінде ҚР ҚК-нің 393-бабымен (ҚР аумағынан тысқары шығарып жіберу туралы шешімді орындамау) 18 қылмыстық іс және ҚР ҚК-нің 392-бабының 1-бөлігі бойынша 1 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ биыл 8941 шетел азаматы заңдастырылып, облыс бюджетіне 97 млн. 363 мың 130 теңге түсті. "Көші-қон қызметінің орталығы ашылған күнінен бастап 2 ай ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығына 308 адам қабылданды, яғни жеңілдетілген тәртіппен 271 адамға 243 этникалық қазақтың үлесі келеді. Сондай-ақ 2 ай ішінде көші-қон қызметі орталығы бөліністерімен 2670 төлқұжат пен 4676 жеке куәлік берілді. Облыс аумағында тұрақты тұратын этникалық қазақтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға (шетелдіктерге) 451 азаматтығы жоқ тұлғаларға куәліктерін дайындау үшін ықтияр хат ІІМ-нің Көші-қон қызметінің комитетіне рәсімделіп, жолданды", - деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі Қазақстан Респубикасына уақытша жеке ресми сапармен келген тұлғаларға 603 шақырту хаты дайындалған. Сондай-ақ 372 шетелдіктің ҚР визаларын (рұқсатын) алуға 115 ұйымның шақыру хаттары бекітіліп, расталды.