19 ақпаннан бері Маңғыстау облысында "Такси" жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Мақсат – жол-көлік оқиғаларының, жол қозғалысы ережелерін бұзу мен заңсыз кәсіпкерлік қызметтің алдын алу. Маңғыстау облысының Полиция департаменті ЖПҚ қызметкерлері бір тәулік ішінде жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың (ҚР ӘҚБК 46-бабы) 13 дерегін және құқық бұзған 208 такси жүргізушісін анықтаған. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайтына МО ПД баспасөз қызметі хабарлады. Мәселен, 19 ақпан күні Шетпе – Жетібай тас жолында департамент қызметкерлері "Лада Ларгус" маркалы 3 автокөлікті тоқтатқан. «Тексеру барысында екі жүргізушіде жүргізуші куәлігі болған жоқ. Көлікке шетел азаматтары шамадан тыс тиелген. ҚР ӘҚБтК-нің 612 (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы), 463-баптарымен (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу) - бірінші, ҚР ӘҚБтК-нің 612, 463, 590-бабының (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) 5-бөлігімен, 593-бабының 1-бөлігімен-екінші; 463-бабы мен 593-бабының 1-бөлігімен үшінші жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Барлық автокөліктер Жетібай кентінің полиция бөлімшесінің айыппұл тұрағына жабылды», - дейді ПЛ баспасөз қызметі. Айта кетейік, «Такси» іс-шарасы 23 ақпанға дейін жалғасады.
Суреттерді МО ПД баспасөз қызметі ұсынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="72885,72886,72887"]