Мұнайлы ауданының өзінде 2019 жылдың 7-9 және 14-16 ақпан аралығында 736 құқықбұзушылық тіркелген. Сонымен қатар жол қозғалыс талаптарын сақтамаған жүргізушілердің 24 көлігі айыптұраққа жабылды. Тәртіп сақшылары жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерді «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық шара барысында анықтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Жедел-профилактикалық шара барысында құқықбұзушылықтың 5 фактісі тіркелді. Сонымен 9 қаңтарда сағат 23:00-де «NissanPrimera» маркалы көліктің жүргізушісі масаң күйде болған. Тексеріс барысында анықталғандай, жүргізуші бұрын 2016 жылы Мұнайлы ауданының сотының шешімімен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 608 бөлігінің 1 тармағы бойынша 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды. Дәл сол күні осыған ұқсас дерекпен сағат 23.30-да «Mazda 626» көлігі тоқтатылды. Жүргізуші көлікті масаң күйде басқарған. Оған былтыр Ақтау қалалық сотының шешімімен ҚР Әкімшілік кодексінің 346 бабының 1 бөлігі бойынша 60 мың 125 теңге айыппұл тағылып, 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырғаны анықталды. 14 қаңтарда сағат түнгі 02. 30 шамасында Атамекен ауылының жолында жол-көлік оқиғасын алдын алу негізінде тексеріс жүргізілді. Бұл рейдте «HyundaiSonata» маркалы көлік тоқтатып, мамандар жүргізушінің масаң күйде көлік басқарғанын анықтады. Жүргізуші бұған дейін 2017 жылы Мұнайлы ауданындық соты ӘҚБтК 608 бабының 1 бөлігі бойынша көлік жүргізу құқығынан 3 жылға айырылыпты. «Сондай-ақ 14 қаңтар күні сағат 19.00 шамасында Атамекен ауылының жолында «AudiB4» маркалы көлігінің жүргізушісі алкогольдік масаң күйдің жеңіл түрінде болған. Ол Мұнайлы аудандық сотының шешімімен Қылмыстық кодекстің 346 баптың 1 бөлігі бойынша 100 сағат көлемінде түзету жұмысында болған және 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Ал 15 қаңтарда сағат түнгі 01:15 шамасында Батыр ауылының жолында «OpelVectra» маркалы көлік тоқтатылды. Жүргізуші масаң күйде екен. Сонымен қатар ол 2017 жылы Мұнайлы аудандық сотының ұйғарымымен ӘҚБтК 608 бабының 1 бөлігі бойынша көлік жүргізу құқығынан 3 жылға айырылғаны мәлім болды», - дейді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Осы аталған 5 факті сотқа жіберілген.
Суретті МО Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынды