©
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов халық алдындағы есебін берді. Кездесуде өңірдің 2018 жылдағы әлеуметтік–экономикалық даму қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері туралы баяндады. Маңғыстау облысы әкімінің есеп беру кездесуіне "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Жақып Марабаев, ҚР Президент әкімшілігінің бас инспекторы Халиолла Абдуллаев, ҚР Премьер-министрі кеңсесінің бас инспекторы М. Мәдиев, мемлекеттік орган басшылары, облыс халқы қатысты. Ералы Тоғжанов облыс әкімі қызметіне тағайындалғаннан бері 61 елді мекеннің 58-інде болып, халықпен кездескен. Күні бүгінге дейін тұрғындар тарапынан 2396 өтініш келіп түссе, оның ішінде 177 азаматты жеке қабылдаған. Сонымен қатар, былтыр аудан, қала әкімдерінің қорытынды есеп беру кездесулерінде 158 сұрақ көтерілген, оның 98-і орындалып, 60-ы бақылауда тұр. Өтініштердің басым бөлігі – жұмыссыздық және жер мәселесі, инженерлік инфрақұрылымды дамыту. "Облыста 2,9 трлн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, оның нақты көлем индексі 100,4%-ті құрады (2017 жыл - 2,3 трлн.теңге, 100,1%). Бұл республикада өндірілген өнімнің 11%-ті (өңірлер арасындағы 2-ші көрсеткіш). Тау-кен өндірісінде 2,6 трлн. теңгенің өнімі өндірілді, өсім - 100,1% (саланың жалпы өнеркәсіптік өндірістегі үлесі – 87%). Көлемі 18 млн. тонна мұнай өндіріліп, нақты көлем индексі - 100,4%-ті құрады", - деді Маңғыстау облысының әкімі. 100,7% өсіммен 3 млрд. текше метрден астам табиғи газ өндірілді. Өңір экономикасына 500 млрд.теңге инвестиция тартылып, 106,5% өсу қарқыны қамтамасыз етілді (2017 жыл – 101,0%). Еңбек нарығының барлық көрсеткіштері бойынша оң динамикаға қол жеткізілді. Орта және шағын бизнес субъектілерінің саны 51 мыңға жетті, өсім - 108,7% Өткен жылы облыста 35 328 жұмыс орны құрылды (2018 жыл жоспар 32 500 жұмыс орны, 2017 жыл 30 829 жұмыс орны құрылды).Нәтижесінде, жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ке дейін (2017 жыл – 4,9%), жастар жұмыссыздығы 3,1%-ке дейін (2017 жыл – 3,5%) төмендеді. Барлық макрокөрсеткіштердің оң динамикасы өңірлік экономика өсімін 101,4% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ералы Тоғжанов өз сөзінде өңірде өндіріліп отырған мұнай қорының көлемі алдағы уақытта төмендейтінін ескертті. Сондықтан өңдеуші сектордың дамуына баса назар аударып отырмыз деді. "Аталған сала бойынша, өндірістің өсуі 12%-ды құрады. Дайын металл бұйымдары - 37,9%, металлургия өнеркәсібі - 30,6%, мұнай өңдеу өнімдері - 23,8%, резеңке және пластмасса бұйымдары - 22,7%, машина жасау - 11%, жеңіл өнеркәсіп - 7,2% жеткен. Индустрияландыру картасы аясында 370 млрд. теңгенің инвестициясына 43 жобаны жүзеге асырылған. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында инфрақұрылымды құру үшін 8 млрд. теңге көлемінде инвестициялық қаражат салынса, үш есе өсіммен салық негізінде 25 млрд. теңгеге қайтарылған", - деді әкім. Былтыр 17 өндірістік нысан пайдалануға беріліп, 98 млрд. теңге инвестиция тартылған. 1 153 жұмыс орны құрылған. 2018 жылы жалпы сомасы 16 млрд. теңге болатын 24 жоба іске қосылған болса, биыл 66 млрд.теңгеге тағы 23 жоба жоспарланған. Құрылыс жұмыстарының көлемі 101,5%-ке жетіп (2017 жыл – 101,3%), 213 млрд. теңгені құрады. 2017 жылмен салыстырғанда 140,8% өсіммен алғашқы рет 1,2 млн.шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (республика бойынша 3-ші көрсеткіш). Ауыл шаруашылығында 17 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп (2017ж. – 14 млрд.теңге), саланың нақты көлем индексі 104,4%-ті құрады. Төрт түлік мал басының саны – 540 мыңға жетіп, өсім 7,5%-ті құрады (2017 жыл 502 мың). Облыста бір жылдың ішінде жаңа 15 жылыжай іске қосылып, жалпы саны 42-ге жетті (2017 жыл – 27 жылыжай). Маңғыстау өңірі ауыл шаруашылығын дамытуға қолайсыз дегенмен, бұл саланы дамытуға мүмкіндіктер аз емес. Бүгінде Мемлекет тарапынан субсидиялар мен жеңілдіктер ұсыну арқылы ауыл шаруашылығы саласына жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Мәселен, сатып алған асыл тұқымды малдың басына субсидия тағайындалған: ірі қараға – 150 мың теңге, жылқы мен түйенің аталығына – 100 мың теңге, қойдың аталығына – 8 мың теңге, ешкінің аналығына – 40 мың теңге; құдық қазуға кеткен шығынның 80%-і, тыңайтқыштар сатып алуға кеткен шығынның 50%-і, жылыжай салуға кеткен шығынның 25%-і шаруашылық иесіне қайтарылып берілетіні жөнінде мәлімдеді. Биыл ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық құны 2 млрд. теңгеге 4 ірі жобаны іске асыру жоспарланған, олар:Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
https://www.facebook.com/mangystaumedia/videos/2270360716512045/