Әлеуметтік желілерде 8 наурыз мерекесіне орай көп балалы аналарға материалдық көмек төленетіні туралы ақпарат таралып кетті. Ақпаратта "Алтын алқа", "Күміс алқасы" бар аналарға тез арады құжат тапсыру қажетігі айтылған. Бірақ Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бұл ақпараттың жалған екендігін тұрғындарға ескертеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="72571,72570"] Әлеуметтік желіде таралған жалған ақпаратта "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-сі сіздерден өз округтеріңіз бойынша "8-наурыз" күніне материалдық көмек берілетін; "Алтын алқа", "Күміс алқа", "I. II дәрежелі", "Ана даңқы" орденімен марапатталған, 4 және одан да көп балалы аналардың ҚазПошта АҚ-нда ашылған есеп шотына ақпанның 20-на дейін тапсырылуларыңызды сұраймын" делінген. Алайда Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми хабарлады. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәлімдеуінше, "Алтын алқа", "Күміс алқамен" марапатталған аналарға, жыл сайынғы дәстүр бойынша, екі айлық есептік көрсеткіш (5050 теңге) мөлшерінде 22 Наурыз мерекесі құрметіне әлеуметтік көмек төленеді. Өмірлік қиын жағдайларға байланысты аз қамтылған отбасыларға (әр аудан мен қалада жанбасына шаққандағы орташа айлық табысының шегі белгіленген күнкөріс деңгейінің 1 немесе 1,5 еселенген деңгейі) жылына бір рет материалдық көмек төлеу көзделген. Материалдық көмек мөлшері әрбір жеке жағдайға байланысты жеке белгіленеді, бірақ 40 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде төленбек.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Сурет сайт архивінен