Әкімдік «Айналайынның» балаларын қабылдай алатын балабақшалардың тізімін жария етті
[ 2019 ] 18 ақпан, 11:36 | Жаңалықтар
Ақтаудағы «Айналайын» жекеменшік балабақшасының уақытша жабылуына байланысты, Ақтау қаласының әкімдігі 1,5-3 жас шамасындағы бөбектерді қабылдай алатын жекеменшік балабақшалардың тізімін жариялады. Әкімдіктің баспасөз қызметінің айтуынша, Ақтаудағы 9 балабақшаның «Айналайынның» балаларын қабылдауға мүмкіндігі бар, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, 9 жекеменшік балабақша балаларды қабылдауға дайын.
№
Балабақша атауы
Мекен-жайы
Байланыс телефоны
1
«Балапан» шағын орталығы
Приозерный елді мекені, 23 коттедж
87789301880
2
«Алма» балабақшасы
24 шағынаудан, 2 коттедж
87015131283
3
«Ағылшын мектебі» жанындағы балабақша
8 шағын аудан, 18 ғимарат
87759612082
4
«Happy way» балабақшасы
15 шағынаудан, 18 коттедж
87051740369
5
«Happy garden» балабақшасы
24 шағынаудан, 10 котттедж
87787881177
6
«Айкөркем» балабақшасы
29 шағынаудан, 40 коттедж
87056442283
7
«Болашақ» балабақшасы
19 шағынаудан, 10 ғимарат
87023870352
8
«Жақсым» балабақшасы
12 шағынаудан 48 коттедж
87073998107
9
«Құлпынай» балабақшасы
24 шағынаудан, 48 коттедж
87078366317
Естеріңізге сала кетейік, 14 ақпан күні Ақтау қаласының 30 шағынауданында орналасқан «Айналайын» балабақшасының тәрбиешісі
басынан жарақат алып, дәрігердің көмегіне жүгінген еді. Дәрігерлер оған жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, сол шақ шекесінің жарақаты диагнозын қойған.
Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, тәрбиеші балалардың бірнеше апта бойы аш екенін, тамақтың жеткіліксіз екенін айтқаны үшін директордан таяқ жеген. Бірақ директор
«қызметкерімді ұрған жоқпын» деп отыр.
Осы оқиғадан кейін балабақша уақытша жабылып, құзырлы органдар тексеруді бастаған. Жұмыс тобының құрамында Ақтау қалалық білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі, прокуратура, төтенше жағдайлар басқармасы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «Атамекен» Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік палатасы, жергілікті полиция қызметі, білім саласындағы бақылау департаменті өкілдері, қоғам белсенділері бар.
Осы мәселе бойынша қалалық прокуратура қызметкерлері 20 ата-ананы қабылдап, түсінік алған. Сондай-ақ полиция департаменті істің тіркелгенін хабарлады.
1243
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.