11-15 ақпан күндері республикалық деңгейде «Жасөспірім. Заң. Қауіпсіздік» атты акция өтті. Акцияның мақсаты – кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар құқық сауаттылығын арттыру, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Жергілікті полиция қызметі ювеналды полициясы «Нұр Отан» ХДП мен «Жас Отан» ЖҚ, білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, ТЖД, прокуратура және жол патрульдік полициясы, есірткіге қарсы күрес басқармасы, криминалдық полиция басқармасы 173 білім беру ұйымында – балабақшалар, мектептер, колледждер және ЖОО-да құқық тақырыбында дәріс өткізді. "Шара барысында есепте тұрған кәмелеттік жасқа толмағандар тұратын 153 қолайсыз отбасының, сондай-ақ жалдамалы пәтерде тұратын колледж студенттерінің, полиция органдарында есепте тұрған жасөспірімдердің тұрмыстық жағдайын тексерілді", - дейді МО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Суретті МО Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынды