©
Қазақстан Респубуликасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен түлектердің ұлттық бірыңғай тест тапсыру ережелеріне бірқатар өзгертулер енгізілді. Жаңа талаптарға сәйкес, ҰБТ-ға орта мектептердің 11 (12) сынып білім алушылары қатыса алады. ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін тестілеу қаңтар, наурыз, маусым-шілде және тамыз айларында жылына 4 рет өткізіледі. Сондай-ақ ағылшын тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғалар үшін «Шет тілі» пәні бойынша ҰБТ-дан босату туралы норма енгізілді. ҰБТ-ны қаңтар, наурыз, тамыз айларындағы кезеңдерде тапсырған түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде қабылданады. Ал мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін түлектерден бұрынғысынша маусым-шілде айларында ҰБТ тапсыру талап етіледі. ҰБТ тапсыру үшін оқушы қажетті құжаттарын рәсімдеп, 3 міндетті пән (Қазақастан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пән таңдайды. Тестілеуді қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде тапсыруға болады. Тестілеуді «ағылшын» тілінде тапсыруды таңдаған түсушілер «Қазақстан тарихын» қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде тапсырады. Сынаққа 3 сағат 50 минут уақыт беріледі. Тестілеуде бір дұрыс жауап нұсқасымен бірге бейіндік пәндерде бірнеше дұрыс жауап нұсқалары болуы мүмкін. Шекті балл – 50, жоғары балл – 140. ҰБТ ақылы түрде тапсыру құны - 2242 теңге. Төлемді Қазақстан Республикасының барлық екінші деңгейлі банктерінің кассаларда жүргізуге болады. Сонымен қатар, әрбір оқушы тестілеуге онлайн түрде дайындала алады. Ол үшін терминал, веб-кабинет немесе банктер арқылы 260 теңге төлеуге міндетті. ҰБТ қатысушылары тест жөніндегі барлық қажетті ақпараттарды ҚР Білім және ғылым министрлігі www.edu.gov.kz және Ұлттық тестілеу орталығы www.testcenter.kz интернет-ресурстары арқылы ала алады. Биыл енгізілген жаңа талаптар бойынша Жаңаөзен қаласында ұлттық біріңғай тестілеу қаңтар айының 19 мен 21 аралығында өтті. 419 тестіленуші өтініш беріп, 415-і қатысты. Орта ұпай - 63,6 құрады.Аққу ҚАЛИЕВА Жаңаөзен қаласындағы филиал басшысы