©
Кеше 14 ақпан күні сағат 18.00 шамасында Ақтаудағы "Айналайын" жекеменшік балабақшасының қызметкерлерінің бірі басы жарылып, ауруханаға түсті. Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері оған жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, сол шақ шекесінің жарақаты диагнозын қойған. Дәрігерлер алғашқы көмекті көрсетіп, жарақаттың орнын тігіп, науқасты үйіне қайтарып жіберген. "Бірақ науқастың жағдайы нашарлап, сағат түнгі 01.00 шамасында дәрігерлердің көмегіне қайтадан жүгінеді. Таңғы сағат 10-ға дейін дәрігерлердің бақылауында болады. Компьютерлік томографиядан кейін жағдайының бірқалыпты екеніне көз жеткізген дәрігерлер оны амбулаторлық ем қабылдау үшін үйіне жіберді", - деп мәлімдеді МО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері А.Сәрсенбаев. Науқас 1991 жылы туған. Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, балабақша қызметкері директорға балалардың бірнеше апта бойы аш екенін, тамақтың жеткіліксіз екенін айтқан. Директор қызметкерін сол үшін ұрған болуы мүмкін. Бірақ директор қызметкерге қол көтермегенін айтып отыр. Біз Маңғыстау облыстық полиция басқармасынан ресми ақпарат сұраттық.Видео әлеуметтік желіден алынды
https://youtu.be/EKlOAT3jHOQ