©
Бейнеу аудандық сотында 2017 жылы 119 тұлғаға қатысты 110 қылмыстық іс қаралып аяқталса, былтыр 150 тұлғаға қатысты 134 қылмыстық іс аяқталған. Яғни аяқталған қылмыстық істер саны 17,9 % артқан, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық сотына сілтеме жасап. Аудандық сотының төрағасы И. Досетов брифинг өткізіп, БАҚ өкілдеріне былтыр аудандық соттың атқарған жұмысы және сот саласына қатысты жаңалығымен бөліскен. Сондай-ақ заңдағы өзгерістер туралы мағлұмат беріпті. «Бейнеуде 2017 жылы 1064 азаматтық іс қаралып аяқталса, 2018 жылы 730 аяқталған, яғни аяқталған істер 31,4 % азайған», - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі. Ауданда 2017 жылы әкімшілік істің 2512-сі қаралып аяқталса, былтыр 2507 әкімшілік іс аяқталған. Бұл әкімшілік істің 0,2% азайғанын көрсетеді. Яғни қаралған қылмыстық істер саны артып, азаматтық және әкімшілік істер азайған. Айта кетелік, былтыр аудандық соттың бастамасымен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының ғимаратынан татуласу орталығы мен медиация кабинеті ашылған. ҚР-ның «Медиация туралы» Заңын қолдану аясын кеңейту жұмыстарының нәтижесінде 2018 жылы аудандық сотта барлығы 80 іс медиативтік келісімге келумен аяқталды.Ақкенже БЕРКЕНОВА
Сурет сайт архивінен