Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында 125 орындық балабақша ашылды. Көлемі 638 шаршы метр болатын бөбекжайдың құрылысы былтыр сәуір айында басталған. Қазір 35 адам тұрақты жұмысқа орналасты , - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігіне сілтеме жасап. Өңір басшысы Ералы Тоғжановтың айтуынша, былтыр Мұнайлы ауданында 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамтамасыз ету көрсеткіші 96,7% жеткен. Яғни 270 бала кезекте тұрған. Ал биыл жыл соңына дейін осы ауданда 1352 орындық 15 жекеменшік балабақша бой көтереді деп жоспарланып жатыр. Нәтижесінде 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер балабақшамен 100 пайыз қамтамасыз етілмек.