Ақтауда 3 «Б» шағынауданда 210 орындық жатақхананың ашылу салтанаты өтті. Бұл жатақханаға Маңғыстау өнер колледжі, гуманитарлық колледж және М. Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледж студенттері орналасады. Студенттердің игілігіне берілген жатақхана үш қабаттан тұрады. Былтыр желтоқсанда ғана күрделі жұмыстары біткен жатақхана қазір толық жиһазбен жабдықталған. Сондай-ақ әр қабатта тұрмыстық техникамен ас үй, санитарлық торап секциялары бар, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Жатақханада студенттер үшін бар жағдай жасалған. Мәселен, демалыс бөлмелері, оқу залдары орналасқан. Ғимаратта WI FI сымсыз желісі жүргізілген. Жатақхананың 1-ші және 3-ші қабатында ер балалар жатса, 2-ші қабатында қыздар тұрады. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="71200,71199,71196,71197"] «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы орындалып жатыр. Елбасы қажетті жатақханалармен қамту туралы тапсырма берген. Маңғыстау облысы бойынша бүгінде 2600 студентті жатақханамен қамтамасыз етуді 1-2 жылдың ішінде жоспарлап отырмыз. Соның алғашқысы қолданысқа берілген осы студенттік жатақхана болды. Шаһарымыздың үш колледжінің студент жастары орналасуына болады. Биыл 420 орындық тағы да екі жатақхана ашу жоспарланып отыр. Студент жастар сенімді ақтайды деп үміттенемін", - дейді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов. Студенттер жатақханасын қолданысқа беріп отырған Ақтау қалалық маслихатының депутаты, жеке кәсіпкер Шамсуддин Гуйсенов. Нысан мемлекеттік тапсырыс аясында республикалық бюджеттің қаражатымен салынған. Студенттер жатақханаға студенттер орналасқысы келсе, жеке кәсіпкердің атына арыз жазады. Сондай-ақ екі жақ келісімге отырады. Бұл жатақхананың ашылғанына қуаныш білдірген Маңғыстау өнер колледжінің студенті Айнұр Жұмабаева өз пікірін білдірді. - Білім мен өнер қуып суденттер әр ауылдан келеді. Тұрақты жатақ жайы болмаса пәтер жалдау үшін бірінің отбасылық жағдайы жетсе, ал бірінікі жетпейді. Осы тұста бұның алдын алып, жастардың жағдайын жасағанындарға алғысымды айтамын, - дейді ол. Айта кетелік, қазіргі таңда жатақханаға қажеттілік 1064 орынды құрайды. Мәселені шешу үшін 2019 жылы барлық 460 орындық 2 жатақхана іске қосылады. 2021 жылдың соңына дейін барлық студент жатақханамен 100% қамтылады.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ