Бүгін Мәжіліс депутаттары еліміздегі бала туу көрсеткіші жоғары өңірдің жаңа перзентханасын аралап, жұмыс барысымен танысты. Зәуреш Аманжолова мен Бақытбек Смағұл одан соң орталық мамандарымен кездесіп, пікір алмасып, мәселелерін де тыңдады. Қаңтар айында медицина саласына қатысты қос заңға қол қойылған. Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова бұл заң жобаларын атап, дәрігерлерге түсіндіріп өтті. Қыркүйек айынан бері Сенат пен Мәжілістің біріккен отырысында 82 заң жобасы қаралған. Оның екеуі тікелей Елбасының қолдауымен өткен. Екеуі – депутаттар бастамасымен ұсынылса, қалғандары үкіметтік органдардан ұсынылған заң жобалары. «Оның бірі – медицина саласында әлеуметтік халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң. Қазақстан 2018 жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшуі тиіс еді. Алайда өзін-өзі қамтитын адамдарды түгендеп, бұл жүйеге қалай енгізілетінін бүге-шүгесіне дейін анықтау үшін 2020 жылға қалдырылды. Қазір әр өңірден қорлар құрылып, қызу жұмыс жүріп жатыр. Елбасының бұл жүйені енгізуді кейінге қалдыруының екінші себебі – өзін-өзі қамтитын адамдардың статусын белгілеу болды. 4 қаңтар күні денсаулық сақтау саласындағы заңға Елбасы қол қойды. Ол жерде біз не қарастырдық? Былтыр Президент Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесінің жаңа моделін жасауды тапсырған болатын. Соны осы заңда көрсеттік», - деді мәжіліс депутаты. Жыл басында күшіне енген заң жобаларының бірі – дәрі-дәрмекке қатысты. «8 қаңтар күні дәрі-дәрмектің бағасын нақтылау туралы заңға қол қойылды. Былтыр Елбасы министрлікке дәрі-дірмек бағаларын реттеу жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл заң жобасы ауыр жүрді. Себебі халық дәрі бағасына қатысты шағым жиі айтады. Сондықтан біз шектік бағасын анықтап жатырмыз», - дегенді айтты З.Жұманәліқызы. Ана мен бала орталығында өткен жиын соңы сұрақ-жауап, ұсыныстармен жалғасты. Жақында ашылған перинаталдық орталық гинеолог мамандармен толық қамтылған. 100 пайыз компьютермен де жабдықталған. Дегенмен депутат сауалына сәйкес перзентхана директоры мәселенің шетін шығарды. «14 дәрігерге үй жалдап беріп отырмыз. Оның ішінде өзге өңірлерден арнайы шақырған мамандарымыз да бар. Айына 1 млн теңгедей қаржы пәтер жалдауға кетеді. Бюджеттік мекемеге бұл қиындау», - деді орталық басшысы Жамал Жаманбаева. Сондай-ақ, басшының сөзінше, еліміздің медицина саласындағы оқу орындарынан келген 13 резидент гинекологтар қатарын толықтырған. Мәжіліс депутаттары жазға қарай жаңа кодекстің жобасын қарастырылатынын да жеткізді. Дәрігерлерге министрлік сайты арқылы ұсыныс, тілектерін жеткізуге болатынын айтты.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="71082,71081,71079,71078,71077"]