©
28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында 101 қызметіне 25 дабыл түскен. Оның 11-і өрт, 12 жану жағдайы, 2 авариялық-құтқару жұмыстары. Бұл жөнінде mangystaumedia.kz сайтына Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
30 қаңтар Ақтау қаласы, 12 ш/а 49-үйдің жанында орналасқан жеміс-жидек сататын темір контейнер толықтай жанған. Жану көлемі 20 ш/м. Зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ 56 үйдің подъезінде тұрған тұрмыстық заттарды да жалын шарпыған. Салдарынан 4 және 5 қабат толықтай ысталып, 2 әйел адам құтқарылған. 15 адам қауіпсіз жерге көшірілген.
30 шағынаудандағы 168 үйдің жертөлесінде тұрған үй заттары жанып, әсерінен пластикалық кәріз құбыры балқыған.
31 қаңтарда Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, Қашаған көшесінде ПАЗ 32054 маркалы автокөлігі отқа оранған.
Сол күні сағат 18:00-шамасында 13 ш/а 7 үйде пәтердің сыртқы есігі жанған. Пәтер толықтай ысталып, 5 адам қауіпсіз жерге көшірілген.
1 ақпанда Ақтау қаласы, 28А ш/а, 10 үйдің дәлізінде профностильмен қапталған қоршау және ішіндегі үй заттары толықтай жанған. Пәтерден ер адам мен үш жасөспірім құтарылып, 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 15-і бала.
Бұл күні Жаңаөзен қаласында да өрт оқиғасы тіркелген. Ақсу ш/а 5 көше бойындағы «Султан Бибарыс» супер маркеті жанында орналасқан, төбесі және қабырғалары профностилмен, іші пенапласпен қапталған бутик отқа оранған. Жану көлемі 50 ш/м.
2 ақпанда Ақтау қаласы, 23 ш/а, «РУСКАЗ» ЖШС базарының №18 «Н» бутигінің тоқ сымдарының қысқаша тұйықталуы әрі қарай өртке ұласқан. Бутиктің ішінде тоңазтқыш пен салқындатқыш жанған. Зардап шеккендер жоқ.
Мұнайлы ауданы Атамекен селолық округінде 3 бөлмелі үй өртенген. Таңғыс 7:25 шамасында ашу, бұзу жұмыстары кезінде 1 мәйіт табылған. Мәйттің аты-жөні анықталуда.
Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында да 4 бөлмелі үйдің жатын бөлмесін от шарпыған.
Ақтау қаласы, 1 ш/а, 20 үйде 2 бөлмелі пәтердің жатын бөлмесінде тұрмыстық заттары, қылтиманың пластик терезесі, жуыну бөлмесі мен дәретханасының есіктерінің жанған. Кіреберісте тоңазытқыш, кондиционер балқыған. Пәтер толықтай ысталған. Зардап шеккендер жоқ.
Аталған өрт оқиғаларының себебі мен залалдарын кезекші тергеушілер анықтап жатыр.
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің сенім телефондары: 43-55-06.
Басты сурет сайттың архивінен