Ақтауда бүгін 22 шағынаудандағы 15-ші үйге кіреберіс жерден "У Николая" ТЖО қиылысына дейінгі автожол су құбыр желілерін жөндеуге байланысты уақытша жабылды. 9-шы автожол бойындағы жөндеу жұмыстары 6 ақпанға дейін жалғасады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Су құбырларының нашар жағдайда тұрғаны анықталды. Соған орай «КЖСА» МКК мен бас мердигер «Акжол+К» ЖШС бірлесіп, сол жердегі құбырларды жаңартпақ. «Орналастыратын құбырлардың диаметрі 530 мм, ал ұзындығы 60 м болмақ. Ал қорған құбырының диаметрі 700 мм және ұзындығы 52 м болды», - дейді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль бөліміндегілер. Бұл объектіде 5 арнайы техника мен үш бригада жұмыс жасап жатыр.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Сурет Ақтау қаласының әкімдігінен алынды