Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде Маңғыстау облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл баяндады.
Бүгінде Маңғыстауда 540 мың мал басы бар. Оның ішінде сиыр – 19 мың, қой-ешкі – 390 мың, жылқы – 73 мың және түйе – 61 мың.
Қазір өңірде 1161-і қызмет етеді. Оның 1000-ы мал шаруашылығы, 161-і егін шаруашылығы бағытында.
«Егін шарушалығына, соның ішінде жылыжайларға көңіл бөлінуде. Былтыр жылыжайлардың саны 41-ге жетіп (24 Га), көкөніспен қамту 18 мың тоннаға артты. Арнайы жоспарға сәйкес аймақтағы жылыжайлардың аумағын 36 гектарға ұлғайту көзделді. Алдағы айда 2, ал күзге таман тағы 7 бірдей жылыжай кешені іске қосылмақ», - деді С.Қалдығұл.
Айта кетейік, 2016-2018 жылдары Маңғыстауда 21 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Олардың 2-еуі - шұбат өндіру, 3-еуі мал сою, 14-і ет, шұбат өндіру және 2-еуі көкөніс-бақша дақылдарын өндіру бағытында құрылған, қазіргі таңда 12 кооператив жұмыс жасап тұр.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА