Кеше Ақтауда электр энергиясымен жабдықтаушы «Альянс энергоснаб-Ақтау» ЖШС тариф бойынша қоғамдық тыңдау өткізді. «Абай» МДК өткен қоғамдық тыңдауға ақтаулықтар белсенді қатысып, қызу пікірталас жүргізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Алғашқы сауалын қойған тұрғын «Альянс энергоснаб-Ақтау» неліктен тарифтерін келісімшартта көрсетпегенін сұрады. Ал компания өкілі болса, тарифтер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғанын айтты. Сонымен қатар тұрғындар жазда салқындатқыш қосатындықтан коммуналдық қызметтің бағасы күрт өсіп кететініне алаңдаушылық білдірді. Ал компания директоры Абзал Төлемісовтің айтуынша, тарифтер заң бойынша бекітілген. Егер тұтынушы дифференциялық тарифті қолданғысы келмесе, онда төлем 17, 62 теңге/кВт.сағ негізгі тариф бойынша жүргізіледі. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="70600,70606,70595,70596,70599,70602,70598,70597,70604,70605"] Сондай-ақ ақтаулықтар бұл компанияның лицензиясы бар ма және тарифті қашан төмендетеді деп сауал қойды. «Әрине, лицензиямыз бар. Барлығын БИН-код арқылы тексеруіңізге болады. Былтыр тарифті төмендету бойынша Маңғыстау облысында кешенді жұмыстар жүргізілді. 2018 жылдың басында 19 теңге 40 тиын болса, ал жыл соңында 9 %, яғни 17, 62 теңге болды», - дейді Абзал Төлемісов. Шаһар тұрғыны «бұнымен айналысатын жергілікті компаниялар бар ма?» деп сауал қойды. А. Төлемісовтің пікірінше, заң бойынша энергиямен айналысатын 3 компания бар: энергия өндіруші, энергияны тасымалдаушы,энергиямен жабдықтаушы. Тұрғындардың басым көпшілігі неге «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС жеке тұлғалармен келісішартқа отырмайтынын сұрады. Айта кетелік, біздің сайт бұған дейін «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалармен жасалған жария шартты және заңды тұлғалармен жасалған келісімшартты тоқтатқанын жазғанбыз. Енді Ақтау қаласын энергиямен жабдықтау қызметі «Альянс энергоснаб» ЖШС-ның міндетіне кіреді. Аталмыш мекемемен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС келісімшарт жасасқан. Өңірде 1,5 жылдан бері қызмет ететін компания ұсынысты өздері білдірген. https://www.youtube.com/watch?v=iAbSDxZ1iMw Қоғамдық тыңдауда тараптар бір-бірінің сөзіне құлақ аспай, эмоциясын жасыра алмады. Қызу пікірталасқа ұласқан қоғамдық тыңдау соңында Ақтау қалалық маслихатының хатшысы Сембіғали Закенов «Альянс энергоснаб-Ақтау» компаниясынан халықтың толыққанды жауап ала алмағынын, мәселенің басы ашық екенін жеткізді.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Суреттер мен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН