Самбо күресінен Кеңес одағының спорт шеберлері В. Попова мен В.Бабенконы еске алуға арналған республикалық турнирде маңғыстаулық "Жас батыр" спорт мектебінің спортшылары жеңіспен оралды. Маңғыстаулық жас самбошылар екі алтын, екі күміс және екі қола жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Жас батыр" мектебі бапкерлерінің хабарлауынша, 30 келі салмақта күрескен Дінмұхаммед Қуатұлы мен 42 келі салмақта жекпе-жек өткізген Абылай Қабиденов чемпион атанды. Нұрсат Берекет (28 келі) мен Жанарыс Бауыржанұлы (45 келі) күміс медальды иеленді. Қола медальді 28 келі салмақта Расулхан ғабит пен 38 келі салмақта Ескендір Саламатұлы жеңіп алды. "Ең жас спортшы Азамат Қуанышбаев "Жеңіске деген жігерлігі үшін", ал Ұлан Тағаберген мен Дамир Жұмабай жақсы күрескені үшін марапатталды. Жаттықтырушысы Нұржан Айдынғалиев", - деп хабарлады "Жас батыр" спорт мектебі.Чемпионат 2008-2009 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында 26-27 қаңтар күндері Қостанайда өтті. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 14 команда қатысқан. 200-ден аса спортшы қатысып жатқан турнирге Маңғыстаудан 11 спортшы барды. Жас самбошыларды бапкер Серік Бөкенбаев алып барды.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттерді бапкерлер ұсынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="70342,70343,70339,70340,70341"]